НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 5 жасар Мәдина Ерланқызы суға батып кеткен.
Ведомствоның мәліметінше, баланың денесі өзен аңғарынан дронның көмегімен табылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, қыз өткен жексенбі күні таңертең газ құбыры арқылы екінші қабаттың терезесінен үйден шығып кеткен.
Полицейлер мен облыстың еріктілері бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді.