Қостанай облысында бірнеше күн іздеуде болған 5 жасар қыздың денесі табылды

© Photo : СС0 / Mabel AmberАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 5 жасар Мәдина Ерланқызы суға батып кеткен.
Ведомствоның мәліметінше, баланың денесі өзен аңғарынан дронның көмегімен табылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, қыз өткен жексенбі күні таңертең газ құбыры арқылы екінші қабаттың терезесінен үйден шығып кеткен.
Полицейлер мен облыстың еріктілері бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Қостанайлықтар бес жасар қызды төртінші тәулік іздеп жатыр
Жаңалықтар
0