Видео

Mega Silk Way-дегі жаппай эвакуациялау: шын мәнінде не болды – видео

Елордадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығынан өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезінде екі мыңға жуық адам эвакуацияланды
Sputnik
Екінші қабатта орналасқан ауданы 80 шаршы метр болатын бутиктердің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде өрт шықты. Қызыл жалын одан әрі іргелес үй-жайларға жайылды. Міне, "Mega Silk Way" СОО-дағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары осындай сценариймен өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің бастығы Назарәлі Селимовтың айтуынша, оқу-жаттығу міндеттерін іске асыру үшін өрттің туындау ықтималдығы жоғары орындар таңдалады.
"Мұндай оқу-жаттығуларда ең үлкен өрт жүктемесі бар және өртті сөндіру қиын болатын жерлер, яғни осы ғимараттың орталығында орналасқан орындар таңдалады. Біздің қызметкерлеріміз, әсіресе жастар үшін оқыту кезінде осындай оқу-жаттығуларды өткізу кезінде өрт сөндіру қызметінің барлық күші мен құралдарын барынша іске қосуға мүмкіндік бар", - деді Назарәлі Селимов.
ТЖД мәліметінше, сауда және ойын-сауық орталығынан 1 946 адам, оның ішінде қызмет көрсетуші персонал да эвакуацияланды.
Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 35 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Толығырақ видеода.