Үкімет басшысы "Зерде" холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Зерде" холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды.

"2022 жылдың 5 тамызында үкімет "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникация холдингі" АҚ таратуды көздейтін қаулы қабылдады. Бұл құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланады",- деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берген болатын.
Келесі күні цифрлық даму министрі Бағдат Мусин холдингті тарату туралы ұсыныс білдірді. Ол кезде министрлікте холдингтің шығындылығы, бюджеті мен қаржылық жағдайына тәуелділік, басқарушы холдинг пен еншілес ұйымдарды ұстауға арналған қаражаттың дұрыс бөлінбегенін атап өтті.
Ал 3 тамызда цифрландыру министрлігі "Зерде" қызметкерлерінің барлығы жұмысқа орналасатынын мәлімдеді. Өйткені олардың біліктілігі мемлекетке қажет екенін алға тартты.
Тоқаев "Зерде" холдингін реформалауды тапсырды