https://sputnik.kz/20220808/ukimet-basshysy-zerde-kholdingi-26597048.html
Үкімет басшысы "Зерде" холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды
Үкімет басшысы "Зерде" холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Зерде" холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды. 08.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-08T17:38+0500
2022-08-08T17:38+0500
2022-08-08T17:46+0500
үкімет басшысы
холдинг
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_0:0:3243:1825_1920x0_80_0_0_b50e7a6832e1d3dcec2e1106ec5a02e8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Зерде" холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды. Еске салсақ, шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берген болатын.Келесі күні цифрлық даму министрі Бағдат Мусин холдингті тарату туралы ұсыныс білдірді. Ол кезде министрлікте холдингтің шығындылығы, бюджеті мен қаржылық жағдайына тәуелділік, басқарушы холдинг пен еншілес ұйымдарды ұстауға арналған қаражаттың дұрыс бөлінбегенін атап өтті. Ал 3 тамызда цифрландыру министрлігі "Зерде" қызметкерлерінің барлығы жұмысқа орналасатынын мәлімдеді. Өйткені олардың біліктілігі мемлекетке қажет екенін алға тартты.
https://sputnik.kz/20220415/godunova-prezident-byudzhet-qarazhaty-24239900.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_455:0:2932:1858_1920x0_80_0_0_985300797000e90b473f6598114de25c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет басшысы, холдинг
Үкімет басшысы "Зерде" холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды
17:38 08.08.2022 (жаңартылды: 17:46 08.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Зерде" холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды.
"2022 жылдың 5 тамызында үкімет "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникация холдингі" АҚ таратуды көздейтін қаулы қабылдады. Бұл құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланады",- деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берген болатын.
Келесі күні цифрлық даму министрі Бағдат Мусин холдингті тарату туралы ұсыныс білдірді. Ол кезде министрлікте холдингтің шығындылығы, бюджеті мен қаржылық жағдайына тәуелділік, басқарушы холдинг пен еншілес ұйымдарды ұстауға арналған қаражаттың дұрыс бөлінбегенін атап өтті.
Ал 3 тамызда цифрландыру министрлігі "Зерде" қызметкерлерінің барлығы жұмысқа орналасатынын мәлімдеді. Өйткені олардың біліктілігі мемлекетке қажет екенін алға тартты.