НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазгидромет 9-11 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Республиканың солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөліктері оңтүстік циклоны мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Салдарынан жауын-шашын жауады.
Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр болады. Найзағай ойнап, екпінді жел тұрады және бұршақ жаууы мүмкін.
Аймақтардағы ауа температурасы:
күндіз батыста +30+38С;
солтүстік-батыста +27+35C;
солтүстікте +18+25С;
орталықта +17+28С;
шығыста +18+30С;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +23+33С шамасында;
таулы аймақтарда 13+20С.