Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бес жұлдызды қонақүйді су басты – видео

© Photo : Hilton AstanaHilton Astana
Hilton Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Елордада болған нөсерден кейін бірнеше нысанды су басты. Соның ішінде бес жұлдызды Hilton Astana қонақүйі де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода қонақүйді су басқанын анық көруге болады. Дабыл хабарламасы қосылған. Ал қонақүйдің қызметкерлері еденді құрғатуға кіріскен. Отельдің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын мамандар анықтайтынын айтты.
"Дүйсенбі, 8 тамызда сағат 12:40 жауын-шашынның мол болуы мен қалалық су сору жүйесіне шамадан тыс жүктеме болғандықтан EXPO аймағында орналасқан бірнеше нысанды су басты. Соның ішінде Hilton Astana да бар. Қонақтар уақытында эвакуацияланды. Қазіргі кезде көше жақтағы кіреберісте су тоқтатылды", – деп атап көрсетті әкімшілік қызметкерлері.
Қазіргі кезде бес жұлдызды қонақүй штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Айта кетері, астанадағы қатты жаңбырдан кейін бірнеше көшені, атап айтқанда, Иманов, Сейфуллин мен Кенесары көшелерін су басты. Бұдан бөлек, Astana IT University шатырынан су ақты. Ал төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап, 9 тамызда күндіз тағы толассыз жаңбыр жауатынын ескертті. Бұршақ мен найзағай болады деген болжам бар.
Жаңалықтар
0