Қашаған операторы "Болашақ" қондырғысының жұмысын тоқтатты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қашаған операторы газ кетуіне байланысты "Болашақ" қондырғысының жұмысын тоқтатты.

"Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы 3 тамызда "Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы қауіпсіз жолмен тоқтатылғанын растайды. Өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталды", - делінген хабарламада.

Стандартты процедураларға сәйкес, газ датчиктерінің іске қосылуына байланысты қондырғылардағы қысым алау жүйесі арқылы түсірілген.
"Бұл жағдай адамдардың денсаулығына зиян келтірген жоқ. Батыс Ескенедегі экологиялық мониторинг жүргізу стансалары ластаушы заттардың шекті мөлшерден асқанын көрсеткен жоқ. Өндірістік операцияларды қайта бастау жұмысы жалғасып жатыр", - деді компания өкілдері.
Экономика
Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне беріледі