Экономика

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне беріледі

© SputnikҚашаған
Қашаған - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
Үкімет тиісті қаулы қабылдады
АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан "GPC Investment" ЖШС компаниясы республикалық меншікке беріледі. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

"GPC Investment" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Tau Bereke Group" ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын", – делінген қаулы мәтінінде.

"GPC Investment" компаниясы – "Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 миллиард текше метр газ өңдеу зауытын салу" жобасының операторы. Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты "GPC Investment" компаниясы QazaqGaz ұлттық компаниясының балансына беріледі.
Үкіметте өз кезегінде бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйылтылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Еске салсақ, үкімет сайтында жарияланған деректеріне сәйкес, Қашаған кен орнында ілеспе газды қайта өңдеу зауытын салу жобасын 2021 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған болатын. Ол Атырау облысының Мақат ауданында орналасады.
Жобалық қуаттылығы – жылына 1 миллиард текше метр. Жоба инвесторы "GPC Investment" ЖШС болған еді.
Жаңалықтар
0