Өткен тәулікте 2 579 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Нұр-Сұлтанда 733, Алматыда 430 науқас тіркелді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 579 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
5 тамыздағы жағдай бойынша 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 1 466 науқас стационарда, 27 065 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.
Науқастар арасында:
ауыр жағдайда – 37 науқас,
өте ауыр жағдайда – 8 науқас,
жасанды тыныс алдыру аппаратында – 3 науқас.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2 792 адам анықталды. 2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 362 647 науқас тіркелді.
Денсаулық
Пандемия басталғалы коронавирус қалай өзгерді – инфекционист ауру симптомдарын атады