https://sputnik.kz/20220731/pandemiya-koronavirus-simptomdary-26443064.html
Пандемия басталғалы коронавирус қалай өзгерді – инфекционист ауру симптомдарын атады
Пандемия басталғалы коронавирус қалай өзгерді – инфекционист ауру симптомдарын атады
Sputnik Қазақстан
Дәрігердің айтуынша, қазір коронавирус инфекциясымен вакцина алмаған балалар жиі ауырып жатыр 31.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-31T14:52+0500
2022-07-31T14:52+0500
2022-07-31T14:52+0500
денсаулық
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1e/17734699_0:692:2047:1843_1920x0_80_0_0_db98f78e806f414b930134c8c15c15d1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Осыдан екі жарым жылға жуық уақыт бұрын бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індеті басталды. Осы аралықта COVID-19 бірнеше рет мутацияға ұшырады, жаңа штаммдар пайда болды. Тиісінше, ауру белгілері де өзгерді. Қазір әлем елдерінде, соның ішінде Қазақстанда індет тағы өрши түсті.Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс инфекционисті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Көшерова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында қазір вирус симптомдары қалай өзгергенін және COVID кімдер үшін аса қауіпті екенін айтты.Аурудың қазіргі белгілеріБір-екі жыл бұрын коронавирустың негізгі белгілері иіс және дәм сезудің жоғалуы, шамадан тыс тершеңдік, дене қызуы, жөтел болған. Ал қазір симптомдар біршама өзгерді.Ал инкубациялық кезең (вирус жұқтырған сәттен ауру белгілері пайда болғанға дейінгі аралық) – ең азы 2 күннен 6-7 күнге дейін, ал ең көбі 14 күнге дейін созылады. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы ағзаға түсетін вирустың концентрациясы мен адамның иммундық жүйесіне байланысты."Егер адам организміне вирустың үлкен концентрациясы түссе, инкубациялық кезең қысқарады. Егер аз болса, керісінше ұзарады, өйткені вирусқа ағзада одан әрі көбею үшін уақыт қажет", - деп түсіндірді инфекционист.Бақыт Көшерованың айтуынша, қазір қазақстандықтар негізінен "омикрон" штамын жұқтырады. Бірақ "дельта" штамм да арамызда жүр, вирустың бұл түрі 5%-ке дейін ауыр формада өтеді.Соңғы уақытта әлемде "омикронның" жаңа түрі – "кентавр" тарай бастады. Бақыт Көшерованың айтуынша, кентаврдың басты белгілері – қалтырау, әлсіздік, жоғары тыныс алу жолдарының зақымдалуы. Әсіресе "кентавр" ілеспе аурулары бар адамдарда ауыр өтеді.COVID-19-бен кімдер жиі ауырады"Қазір біз балалардың көп ауырып жатқанын көріп отырмыз. Бұл немен байланысты? Жансақтау бөлімінде жатқан пациенттердің 100 пайызы – вакцина алмағандар, одан кейін 12 жасқа дейінгі балалар. Енді Қазақстанда он екі жастан бастап қана вакцина егіледі ғой. Балаларда ауру формасы әртүрлі. Әдетте, жоғары тыныс алу органдары зақымдалады, дене қызуы жоғарылайды, мұрын бітеледі. Арасында ілеспе аурулары бар балалар да кездеседі", - дейді медицина ғылымдарының докторы.Бұдан бөлек, коронавирус ілеспе аурулары бар ересектер үшін де өте қауіпті. Әсіресе, өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, қан қысымы, бүйрек ауруы, қант диабеті, онкология дертіне шалдыққан науқастар үшін, деп жалғастырды сөзін инфекционист.Айтуынша, қазір вирус жұқтырғандардың дені үйде, яғни амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Практика көрсетіп отырғандай, пациенттердің 80%-інде ауру симптомдары байқалмайды және жеңіл өтеді.Жарты жыл сайын вакцина алу қажетКөшерованың айтуынша, коронавируспен ауырып шыққан адамдар үш айдан кейін вакцина салдыруы керек. Себебі инфекциядан кейінгі иммунитет вакцинадан кейінгі иммунитетке қарағанда төмен.Осы орайда инфекционист қазақстандықтарға ревакцинация жасатуға кеңес берді.
https://sputnik.kz/20220727/elde-koronavirusqa-qazvac-vaktsinasy-26384352.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1e/17734699_0:500:2047:2035_1920x0_80_0_0_5bb30b396015367696052884aec8ece6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
коронавирус
Пандемия басталғалы коронавирус қалай өзгерді – инфекционист ауру симптомдарын атады
Нұргүл Абай
тілші-редактор
Дәрігердің айтуынша, қазір коронавирус инфекциясымен вакцина алмаған балалар жиі ауырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Осыдан екі жарым жылға жуық уақыт бұрын бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індеті басталды. Осы аралықта COVID-19 бірнеше рет мутацияға ұшырады, жаңа штаммдар пайда болды. Тиісінше, ауру белгілері де өзгерді. Қазір әлем елдерінде, соның ішінде Қазақстанда індет тағы өрши түсті.
Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс инфекционисті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Көшерова
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында қазір вирус симптомдары қалай өзгергенін және COVID кімдер үшін аса қауіпті екенін айтты.
Аурудың қазіргі белгілері
Бір-екі жыл бұрын коронавирустың негізгі белгілері иіс және дәм сезудің жоғалуы, шамадан тыс тершеңдік, дене қызуы, жөтел болған. Ал қазір симптомдар біршама өзгерді.
"Соңғы уақытта пациенттер дененің қалтырауы, мұрын бітелуі, тамақ жыбырлауы, тіпті жұтынғанда ауырсынуы және бастың қатты ауыратынына шағымданады. Жөтел сирек кездеседі. Кейбір науқастардың үлкен дәретке баруы қиындаған, енді бірінің жүрегі айнып, құса бастаған", - дейді Көшерова.
Ал инкубациялық кезең (вирус жұқтырған сәттен ауру белгілері пайда болғанға дейінгі аралық) – ең азы 2 күннен 6-7 күнге дейін, ал ең көбі 14 күнге дейін созылады. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы ағзаға түсетін вирустың концентрациясы мен адамның иммундық жүйесіне байланысты.
"Егер адам организміне вирустың үлкен концентрациясы түссе, инкубациялық кезең қысқарады. Егер аз болса, керісінше ұзарады, өйткені вирусқа ағзада одан әрі көбею үшін уақыт қажет", - деп түсіндірді инфекционист.
Бақыт Көшерованың айтуынша, қазір қазақстандықтар негізінен "омикрон" штамын жұқтырады. Бірақ "дельта" штамм да арамызда жүр, вирустың бұл түрі 5%-ке дейін ауыр формада өтеді.
Соңғы уақытта әлемде "омикронның" жаңа түрі – "кентавр" тарай бастады. Бақыт Көшерованың айтуынша, кентаврдың басты белгілері – қалтырау, әлсіздік, жоғары тыныс алу жолдарының зақымдалуы. Әсіресе "кентавр" ілеспе аурулары бар адамдарда ауыр өтеді.
COVID-19-бен кімдер жиі ауырады
"Қазір біз балалардың көп ауырып жатқанын көріп отырмыз. Бұл немен байланысты? Жансақтау бөлімінде жатқан пациенттердің 100 пайызы – вакцина алмағандар, одан кейін 12 жасқа дейінгі балалар. Енді Қазақстанда он екі жастан бастап қана вакцина егіледі ғой. Балаларда ауру формасы әртүрлі. Әдетте, жоғары тыныс алу органдары зақымдалады, дене қызуы жоғарылайды, мұрын бітеледі. Арасында ілеспе аурулары бар балалар да кездеседі", - дейді медицина ғылымдарының докторы.
Бұдан бөлек, коронавирус ілеспе аурулары бар ересектер үшін де өте қауіпті. Әсіресе, өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, қан қысымы, бүйрек ауруы, қант диабеті, онкология дертіне шалдыққан науқастар үшін, деп жалғастырды сөзін инфекционист.
Айтуынша, қазір вирус жұқтырғандардың дені үйде, яғни амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Практика көрсетіп отырғандай, пациенттердің 80%-інде ауру симптомдары байқалмайды және жеңіл өтеді.
Жарты жыл сайын вакцина алу қажет
Көшерованың айтуынша, коронавируспен ауырып шыққан адамдар үш айдан кейін вакцина салдыруы керек. Себебі инфекциядан кейінгі иммунитет вакцинадан кейінгі иммунитетке қарағанда төмен.
"Сондықтан біз әр алты сайын вакцина алуға кеңес береміз. Адам екпеден кейін де вирус жұқтыруы мүмкін, өйткені вакцина жүз пайыз кепілдік бермейді. Бірақ егер вакциналанған адам ауырып қалса, онда ауру жеңіл өтеді, дерттің одан әрі асқыну және өлім-жітім қатері төмендейді", -деп түсіндірді профессор.
Осы орайда инфекционист қазақстандықтарға ревакцинация жасатуға кеңес берді.