НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Глубокое ауданындық полиция бөліміне 72 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны шағымданды.
сейф
© Шығыс Қазақстан облысытық полиция департаменті
Оның жатын бөлмесінде тұрған сейфтен 3 500 000 миллион теңге ұрланды. Ер адам сол күні үйінде танысының болғанын да айтты. Ол темірсандықтың құлпын бұзып, ішіндегі ақшасын үптеп кетті.
"Жедел-іздестіру шаралары кезінде 34 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды", - дейді полицейлер.
құлып
© Шығыс Қазақстан облысытық полиция департаменті
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.