Өңірлер

Ауылдағы зейнеткердің сейфінен ірі сома ұрланды – полиция темірсандықты көрсетті

© Photo : Pixabay / RepublicaЧеловек с ломом в руке, иллюстративное фото
Человек с ломом в руке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Жазылу
Жедел-іздестіру шаралары кезінде 34 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Глубокое ауданындық полиция бөліміне 72 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны шағымданды.
© Шығыс Қазақстан облысытық полиция департаментісейф
сейф - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
сейф
Оның жатын бөлмесінде тұрған сейфтен 3 500 000 миллион теңге ұрланды. Ер адам сол күні үйінде танысының болғанын да айтты. Ол темірсандықтың құлпын бұзып, ішіндегі ақшасын үптеп кетті.
"Жедел-іздестіру шаралары кезінде 34 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды", - дейді полицейлер.
© Шығыс Қазақстан облысытық полиция департаментіқұлып
құлып - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
құлып
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0