Әлем

Емтихандарын сәтті тапсырған студенттің қуаныштан жүрегі тоқтап қалды

Ол ауруханада қайтыс болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз - Sputnik. Мысырда емтихандарын сәтті тапсырған студенттің қуаныштан жүрегі тоқтап қалды, деп жазады Mirror басылымы.
Ата-анасының айтуынша, 22 жастағы Мубарак Хусейн Сайед Абдель-Джалил Кенедегі университеттің жаратылыстану факультетінде оқыған.
Жуырда ол емтихан бағалары бар хат алды. Нәтижелерін көрген студент кеудесінде ауырсынуды сезініп, ауруханаға түскен.
Кейін ол ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оған инфаркт диагнозын қойды.
Енді стипендия студенттің шотына тікелей аударылады – министр Аймағамбетов