Өңірлер

Ақтауда әуе шеруі өтеді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik. Жұма, 5 тамыз күні Ақтауда аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына арналған әуе шеруі өтеді, деп хабарлады "Ақтау-Лада".
Шара 20:00-де басталады деп жоспарланып отыр. Шеруге Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери авиациясының тікұшақтары мен жойғыштары қатысады.
Әскери ұшқыштар аэробатика техникасын орындау арқылы өз шеберліктерін көрсетеді.
Әскери әуе шеруін қала тұрғындары мен қонақтары 15-шағын аудандағы теңіз жағасындағы амфитеатрдан көре алады.
Өңірлер
Ақтауда жаңбырдан кейін көшелерді су басты - видео