Өңірлер

Ақтауда әуе шеруі өтеді

© Sputnik / Ivan Rudnev / Медиабанкке өтуӘуе шеруі
Әуе шеруі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik. Жұма, 5 тамыз күні Ақтауда аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына арналған әуе шеруі өтеді, деп хабарлады "Ақтау-Лада".
Шара 20:00-де басталады деп жоспарланып отыр. Шеруге Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери авиациясының тікұшақтары мен жойғыштары қатысады.
Әскери ұшқыштар аэробатика техникасын орындау арқылы өз шеберліктерін көрсетеді.
Әскери әуе шеруін қала тұрғындары мен қонақтары 15-шағын аудандағы теңіз жағасындағы амфитеатрдан көре алады.
Көше, су, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Өңірлер
Ақтауда жаңбырдан кейін көшелерді су басты - видео
Жаңалықтар
0