Қаңтар оқиғасы: 717 адам сотталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Қаңтар оқиғасын тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданып, 717 адам сотталды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан бас прокуратурасы арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінгі күні барлық қылмыстық іс бойынша 286 күдікті қамауда отыр.
"Қаңтарда оқиғаcы бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 717 адам сотталды. Мемлекет басшысының жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде прокурорлар соттардан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындауды сұрайды", – деп хабарлады Нұрлыбек Сәбитов.
Мысалы, Тараз қаласы сотының үкімімен Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған "Макаров", "Стечкин" жүйесінің жауынгерлік тапаншаларын және оқ-дәрілерді сақтағаны және тасымалдағаны үшін жергілікті тұрғын сотталды.
"Азамат өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеу органдарына көмек көрсетті. Осы жағдайларды ескере отырып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді", - деді бас прокуратура өкілі.
Нұрлыбек Сәбитов қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 92 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алғанын жеткізді.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: бас прокуратура тергеуге қысым көрсетіліп жатқанын айтты