https://sputnik.kz/20220718/qantar-oqigasy-bas-prokuratura-tergeu-qysym-26190344.html
Қаңтар оқиғасы: бас прокуратура тергеуге қысым көрсетіліп жатқанын айтты
Қаңтар оқиғасы: бас прокуратура тергеуге қысым көрсетіліп жатқанын айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Тергеу нәтижесімен келіспеген кейбір адамдар әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы Бас прокуратураға қысым көрсетіп жатыр. Бұл... 18.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-18T14:38+0500
2022-07-18T14:38+0500
2023-08-10T16:58+0500
қаңтар оқиғасы
бас прокуратура
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23062991_0:0:3635:2046_1920x0_80_0_0_eb8b7795715067b935e0c3e3d9585456.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Тергеу нәтижесімен келіспеген кейбір адамдар әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы Бас прокуратураға қысым көрсетіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол Қылмыстық-процесстік заңнаманың талаптарына сәйкес, тергеу әрекетіне қатыса алатын адамдардың нақты тізімі бар екенін атап өтті. Бұл адвокаттар, қорғаушы тараптың заңды өкілдері және жәбірленушілер. Олар прокуратураға да, тергеу сотына да тергеу органының іс-әрекетіне өтініш хат, шағым беруге құқылы. Сондай-ақ процестік шешімдер мен тергеу органының әрекетіне шағым жасаудың нақты тәртібі айқындалған."Осыған байланысты қылмыстық процеске қатысушылар мен қорғаушыларды заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамын. Прокуратура органдары барлық қылмыстық іс бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқығын сақтауды қамтамасыз етіп жатыр", - деді Қилымжанов.Бас прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде құқық қорғау және арнайы органдарының қызметіне араласқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.
https://sputnik.kz/20220718/shymkent-dvkkoshe-ekstremistik-uyym-26189188.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23062991_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_8e426f6c6e88ced1602e778f40dea2fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, тергеу
Қаңтар оқиғасы: бас прокуратура тергеуге қысым көрсетіліп жатқанын айтты
14:38 18.07.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Тергеу нәтижесімен келіспеген кейбір адамдар әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы Бас прокуратураға қысым көрсетіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі уақытта жекелеген адамдар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңсыз талаптар қойып, қабылданған процестік шешімдермен келіспегендіктен, тергеуге қысым көрсету мақсатында қылмыстық істердің тергеу барысына араласуда", - деді Қилымжанов брифингте.
Ол Қылмыстық-процесстік заңнаманың талаптарына сәйкес, тергеу әрекетіне қатыса алатын адамдардың нақты тізімі бар екенін атап өтті. Бұл адвокаттар, қорғаушы тараптың заңды өкілдері және жәбірленушілер. Олар прокуратураға да, тергеу сотына да тергеу органының іс-әрекетіне өтініш хат, шағым беруге құқылы. Сондай-ақ процестік шешімдер мен тергеу органының әрекетіне шағым жасаудың нақты тәртібі айқындалған.
"Осыған байланысты қылмыстық процеске қатысушылар мен қорғаушыларды заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамын. Прокуратура органдары барлық қылмыстық іс бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқығын сақтауды қамтамасыз етіп жатыр", - деді Қилымжанов.
Бас прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде құқық қорғау және арнайы органдарының қызметіне араласқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.