АЛМАТЫ, 1 тамыз – Sputnik. Оралда дәрігерлер белгісіз жәндік шаққан соң жансақтау бөліміне түскен баланың жағдайы жақсара бастағанын айтты, деп жазды "Мой город" порталы.
Еске салсақ, 27 шілде күні облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 9 жасар бала түскен. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Ауруханаға келген сәтте баланың жағдайы ауыр деп бағаланған болатын.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы жақсарып, терапия бөліміне ауыстырылғанын хабарлады. Қазіргі кезде ол қажетті барлық ем-домды қабылдап жатыр.