Өңірлер

Белгісіз жәндік Ақтау тұрғындарының зәресін алды - фото

Жазылу
Yandex newsTelegram
Бұрын-соңды ешкім көрмеген жәндік Ақтаудағы көпқабатты үйдің қабырғасына өрмелеп бара жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Ақтау тұрғыны белгісіз бір жәндікті фотоға түсіріп алды, деп хабарлайды "Лада" порталы.

Алтыншы шағын аудандағы №10 көпқабатты үйдің қабырғасында өрмелеп бара жатқан жәндікті тұрғындар бұрын-соңды көрмеген екен. Ақтаулықтардың бірі беймәлім тіршілік иесін суретке түсіре қойып, басылымның редакциясына жолдайды.

© Photo : новостной портал города Актау "Лада"/ фото очевидцаТұрғындардың зәресін алған белгісіз жәндік
Белгісіз жәндік Ақтау тұрғындарының зәресін алды - фото - Sputnik Қазақстан
Тұрғындардың зәресін алған белгісіз жәндік

Басылым оқырмандарының бірі жазғандай, суреттегі белгісіз жәндік шегірткенің бір түрі болуы әбден мүмкін.

 

"Осныдай жәндікті даладан көргенмін. Шегірткенің бір түрі", - деп жазды ол.

Ақтау тұрғыдарын толғандырған сауалға мамандар ғана нақты жауап бере алады.

Жаңалықтар
0