Испанияда шілде айында аптап ыстықтан 2064 адам қайтыс болды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Испанияда шілде айында аптап ыстықтан 2064 адам қайтыс болды. Карлос III денсаулық институтының сайтында осындай мәлімет келтірілген, деп хабарлайды РИА Новости.
Институттың күнделікті өлім-жітімді мониторингілеу жүйесінің деректеріне сүйенсек, өткен жылдың дәл осы кезеңінде ыстықтан болған адам өлімі шамамен төрт есе аз.
Қайтыс болғандардың 1321-інің жасы 85-тен жоғары, 470-інің жасы 75-84 жас аралығы, 176 адамның жасы 65-74 аралығы және 83 адам 45-64 жаста болған. Сонымен қатар 14 жасқа дейінгі он бала ыстықтан көз жұмған.
18 және 19 шілдеде ең көп адам өмірден өткен - 184. Бұл күндері Испания бойынша орташа ауа температурасы шамамен 38-40°С болған.
Өзбекстанда аптап ыстықтан 4 мыңнан астам адам ауруханаға түсті