https://sputnik.kz/20220721/ozbekstan-aptap-ystyq-aurukhana-26256595.html
Өзбекстанда аптап ыстықтан 4 мыңнан астам адам ауруханаға түсті
Өзбекстанда аптап ыстықтан 4 мыңнан астам адам ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
Өзгидромет 17-22 шілдеде республикада +47 градусқа дейін аномальді ыстық болатынын хабарлады 21.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-21T21:56+0500
2022-07-21T21:56+0500
2022-07-21T21:56+0500
өзбекстан
ыстық
аурухана
https://sputnik.kz/img/old/1215/61/12156170_0:300:2106:1485_1920x0_80_0_0_b144dceff27c0056e149abb51809de39.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Өзбекстанда 4 мыңнан астам адам осы аптадағы қалыптан тыс аптап ыстық салдарынан ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі. Өзбекстанда 25 маусым мен 5 тамыз аралығы жылдың ең ыстық кезеңі саналады. Халық оны "шілде" деп атайды. Күндіз Ташкентте ауа температурасы 40-43 градусқа дейін ысыса, елдің оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады.Бұған дейін Өзгидромет 17-22 шілдеде республикада +47 градусқа дейін аномальді ыстық болатынын хабарлады. Оның айтуынша, 23,4 мыңнан астам адам қан қысымының көтерілуі, ентігу, демікпе ұстамасы және басқа да созылмалы ауруларға байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгінген және соның ішінде 4,215 мың адам ауруханаға жатқызылды. Ведомство хабарлағандай, Өзбекстан бойынша 1 010 емхана мен 923 отбасылық дәрігер кабинетінде аптап ыстыққа байланысты алғашқы көмек қызметінің жұмысы күшейтілген. 2 762 жедел жәрдем бригадасы күн сайын түскен қоңыраулар бойынша мекенжайларға аттанып жатыр. "Тұрғындарға аса қажет болмаса күн қызған шақта көшеге шықпауға, су көбірек ішуге, мүмкіндігінше майлы және ысталған тағамдардан бас тартуға, керісінше, жемістер мен көкөністерді көбірек жеуге кеңес береміз", - деп хабар таратты денсаулық сақтау министрлігі.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1215/61/12156170_0:103:2106:1683_1920x0_80_0_0_30f266ddef599df93090f1b53fc9153f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, ыстық, аурухана
өзбекстан, ыстық, аурухана
Өзбекстанда аптап ыстықтан 4 мыңнан астам адам ауруханаға түсті
Өзгидромет 17-22 шілдеде республикада +47 градусқа дейін аномальді ыстық болатынын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Өзбекстанда 4 мыңнан астам адам осы аптадағы қалыптан тыс аптап ыстық салдарынан ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.
Өзбекстанда 25 маусым мен 5 тамыз аралығы жылдың ең ыстық кезеңі саналады. Халық оны "шілде" деп атайды. Күндіз Ташкентте ауа температурасы 40-43 градусқа дейін ысыса, елдің оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады.
Бұған дейін Өзгидромет 17-22 шілдеде республикада +47 градусқа дейін аномальді ыстық болатынын хабарлады.
"17 шілдеден бүгінге, яғни 20 шілдеге дейін елімізде нормадан тыс аптап ыстық басталған уақыт ішінде республикалық жедел жәрдем қызметіне барлығы 130 115 қоңырау келіп түсті", - деп хабарлады "103" қызметінің үйлестіру-диспетчерлік орталығының басшысы Давлатбек Юлдашев.
Оның айтуынша, 23,4 мыңнан астам адам қан қысымының көтерілуі, ентігу, демікпе ұстамасы және басқа да созылмалы ауруларға байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгінген және соның ішінде 4,215 мың адам ауруханаға жатқызылды.
Ведомство хабарлағандай, Өзбекстан бойынша 1 010 емхана мен 923 отбасылық дәрігер кабинетінде аптап ыстыққа байланысты алғашқы көмек қызметінің жұмысы күшейтілген. 2 762 жедел жәрдем бригадасы күн сайын түскен қоңыраулар бойынша мекенжайларға аттанып жатыр.
"Тұрғындарға аса қажет болмаса күн қызған шақта көшеге шықпауға, су көбірек ішуге, мүмкіндігінше майлы және ысталған тағамдардан бас тартуға, керісінше, жемістер мен көкөністерді көбірек жеуге кеңес береміз", - деп хабар таратты денсаулық сақтау министрлігі.