Спорт

Қазақстан палуандары әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Сәуір айында қазақстандық палуандар Мейіржан Шермаханбет пен Мадина Бақбергенова грек-рим күресінен Азия чемпионы атанған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Италияда өтіп жатқан грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионатында қазақстандық палуандар тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Юсуф Ашрапов қола медаль үшін таласты. Оған қарсы ирандық палуан Абольфази Миршакар шықты. Тартысты белдесуде қазақстандық спортшы қарсыласынан айласын асырып, бір ұпаймен (11:10) жеңіске жетті.
Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Арсен Жұма армениялық Тигран Галстянды тізе бүктіріп, қола медаль ұтып алған болатын.
Айта кетері, сәуір айында қазақстандық палуандар Мейіржан Шермаханбет пен Мадина Бақбергенова грек-рим күресінен Азия чемпионы атанған болатын.