Спорт

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

© Sputnik / Тимур Батыршинархив сурет
архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді
АЛМАТЫ, 20 cәуір – Sputnik. Қазақстандық спортшы Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша балуан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.
Мейіржан Шермахамбет 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді.
Айта кетері, Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыласынан басым түсті.
Бұған дейін 130 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында грек-рим күресі бойынша алтын алды.
Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Минсокпен белдесті.
Жаңалықтар
0