Денсаулық

Тамыз айында коронавирус жұқтырғандар саны өседі – министрлік болжамы

Вице-министр болжам үнемі жаңаратынын, сол себепті цифр өзгеруі мүмкін екенін ескертті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі тамыз айында тәулігіне вирус жұқтырғандар саны 4 мыңға адамға дейін барады деп болжап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз әр екі-үш апта сайын эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартып отырамыз. Омикрон штамының ВА.5 түрінің таралуына және аурудың өсуіне байланысты тамыз айында коронавирус жұқтырғандар көбейіп, қыркүйекте бәсеңдейді деген болжам бар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, тамызда тәулігіне вирус жұқтыратындардың максималды саны 4 мың адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.
Вице-министр болжам үнемі жаңаратынын, сол себепті цифр өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Денсаулық
Маймыл шешегіне қарсы вакцина салдыру қажет пе – министрлік жауабы