Денсаулық

Маймыл шешегіне қарсы вакцина салдыру қажет пе – министрлік жауабы

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEВакцина
Вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2022
Жазылу
Вице-министр маймыл шешегіне қарсы арнайы вакцина әлемде жоқ екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Бүкіл халықты маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналаудың қажеті жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір әлемде маймыл шешегі өршіп барады – 82 елде 17 мыңнан астам адам жұқтырған.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша барлық халыққа вакцина салу қажет емес. Тек осал топтарды вакциналауға болады. Олар маймыл шешегімен ауыратын науқастарды емдеп жатқан медициналық қызметкерлер мен науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдар", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр маймыл шешегіне қарсы арнайы вакцина әлемде жоқ екенін атап өтті. Тек табиғи шешекке қарсы вакцина бар. ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы осы вакцинаны егуге болады деп кеңес берген.
Есмағамбетова ДДСҰ мәліметінше Қазақстан маймыл шешегінің таралу қаупі төмен елдер қатарына жататынын мәлімдеді.
ДДСҰ эмблемасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2022
Әлем
"Халықаралық төтенше жағдай": ДДСҰ маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0