Өңірлер

Алматыда самокат мінген қыз көліктің есігіне соғылып, мерт болды

Жарақат алған қызды дереу ауруханаға жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Алматы қаласында самокат мінген әйел көлік есігіне соғылып, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілетме жасап.
Қайғылы оқиға маусым айында болған. 27 жастағы қыз электросамокатпен жолда көлік арасымен келе жатқан. Кенеттен Nissan Patrol көлігінің есігі ашылған. Сол кезде самокат мінген қыз тоқтап үлгермей қатты жылдамдықпен есікке соғылған.
Жарақат алған қызды дереу ауруханаға жеткізілді. Бірақ ол бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды.
Полицияның ақпараты бойынша жыл басынан бері самокат мінген адам өлімі алғаш рет тіркеліп отыр. Жалпы алты ай ішінде Алматыда самокат мен мопед қатысуымен 77 жол апаты болды.
Электросамокатпен жүретіндерге қандай талап қойылады – министрлік түсініктемесі