https://sputnik.kz/20220726/elektrsamokat-talap-ministrlik-tusiniktemesi-26350910.html
Электросамокатпен жүретіндерге қандай талап қойылады – министрлік түсініктемесі
Электросамокатпен жүретіндерге қандай талап қойылады – министрлік түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
Барлық өзгеріс мемлекеттік органдарда талқыланады. Қоғам талқысына да шығарылады 26.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-26T14:46+0500
2022-07-26T14:46+0500
2022-07-26T14:46+0500
министрлік
түсініктеме
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0d/17330473_0:0:1279:719_1920x0_80_0_0_101944894f9c15be8f6db93ff6b88f0d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі электросамокатқа қатысты техникалық талаптардан кейін тағы қандай ережелер енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокаттардың техникалық сипаттамасын анықтайтын ұлттық стандарт күшіне енген болатын. Атап айтқанда, стандартта электрсамокаттың анықтамасы және оны қолдану тәртібі жазылған. Оның айтуынша, заңда электросамокат жүргізушісінің құқықтық статусы бекітіледі. Нақты міндеттері мен құқықтары да айқындалады. "Электросамокаттарды басқару үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Бірақ, егер самокат жүргізушісі жолға, велосипед жолағына және тротуарға шығатын болса, міндетті түрде кем дегенде 16 жаста болуы керек. Сондай-ақ, электросамокатта фар жарығы болуы шарт. Сонда түнде көрініп тұрады", – деді Мұратәлиев. Барлық өзгеріс мемлекеттік органдарда талқыланады. Қоғам талқысына да шығарылады. Айта кетері, электросамокаттар мәселесі бұрыннан бері талқыланып жатыр. Әсіресе, Алматы қаласында осы проблема өзекті болып тұр. Өйткені жаз шыққанда көбісі самокатпен жүреді. Жақында қала саябақтарында электросамокатпен жүруге тыйым салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0d/17330473_51:0:1010:719_1920x0_80_0_0_7aec64376c146553a907dbb0ac5b1843.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, түсініктеме
Электросамокатпен жүретіндерге қандай талап қойылады – министрлік түсініктемесі
Барлық өзгеріс мемлекеттік органдарда талқыланады. Қоғам талқысына да шығарылады
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі электросамокатқа қатысты техникалық талаптардан кейін тағы қандай ережелер енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокаттардың техникалық сипаттамасын анықтайтын ұлттық стандарт күшіне енген болатын. Атап айтқанда, стандартта электрсамокаттың анықтамасы және оны қолдану тәртібі жазылған.
"Ұлттық стандартта электросамокатты сату, оған куәлік алу, сондай-ақ, самокаттың түрлері көрсетілген. Стандарт қабылданған уақыттан бастап бір жыл ішінде "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгерістер мен түзетулер енгізіледі", - дейді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.
Оның айтуынша, заңда электросамокат жүргізушісінің құқықтық статусы бекітіледі. Нақты міндеттері мен құқықтары да айқындалады.
"Электросамокаттарды басқару үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Бірақ, егер самокат жүргізушісі жолға, велосипед жолағына және тротуарға шығатын болса, міндетті түрде кем дегенде 16 жаста болуы керек. Сондай-ақ, электросамокатта фар жарығы болуы шарт. Сонда түнде көрініп тұрады", – деді Мұратәлиев.
Барлық өзгеріс мемлекеттік органдарда талқыланады. Қоғам талқысына да шығарылады.
Айта кетері, электросамокаттар мәселесі бұрыннан бері талқыланып жатыр. Әсіресе, Алматы қаласында осы проблема өзекті болып тұр. Өйткені жаз шыққанда көбісі самокатпен жүреді. Жақында қала саябақтарында электросамокатпен жүруге тыйым салынды.