Экономика

Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі кеңес өтті

Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГазға" мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды тапсырған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

"Кеңес барысында "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма темір жол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды", - деп жазады Primeminister.kz.

Сондай-ақ "тар" жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл жайы сөз болды.
Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмұнайгаздың" алдына мұнай тасымалын әртараптандыру міндетін қойған болатын. Ол Транскаспий бағытын басым бағыт деп атады.
"Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. "ҚазМұнайГазға" оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет "Самұрық-Қазынамен" бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет", – деген болатын президент.
Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын басым бағытқа айналдыруды тапсырды