НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Шымкентте өрткенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 25 шілде күні түнгі сағат 00:15-те шамасында болған. Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры толығымен жанып кеткен.
Сондай-ақ, көлемі 36 шаршы метр болатын екі бөлме мен үй заттары отқа оранған. Оқиға орнында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы бригадасы жұмылдырылды.
"Аумағы 12 шаршы метр қонақ бөлмесінің лай мен қамыстан жасалған төбе жаппасы құлады. Тілсіз жау сағат 00:44-де оқшауланып, 01:10 шамасында толығымен сөндірілді. Үйдің ішінен 1951 жылғы ер кісінің денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - делінген Шымкент қалалық ТЖД хабарламасында.