https://sputnik.kz/20220725/shymkentte-ortengen-uyden-zeynetkerdin-mayiti-tabyldy-26336660.html
Шымкентте өртенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды
Шымкентте өртенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Шымкентте өрткенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті. 25.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-25T20:28+0500
2022-07-25T20:28+0500
2022-07-25T20:28+0500
шымкент
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/04/18/24422213_0:210:1201:885_1920x0_80_0_0_c0d5d4d2b0ffbfda94ac265863a33e26.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Шымкентте өрткенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.Оқиға 25 шілде күні түнгі сағат 00:15-те шамасында болған. Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры толығымен жанып кеткен. Сондай-ақ, көлемі 36 шаршы метр болатын екі бөлме мен үй заттары отқа оранған. Оқиға орнында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы бригадасы жұмылдырылды. "Аумағы 12 шаршы метр қонақ бөлмесінің лай мен қамыстан жасалған төбе жаппасы құлады. Тілсіз жау сағат 00:44-де оқшауланып, 01:10 шамасында толығымен сөндірілді. Үйдің ішінен 1951 жылғы ер кісінің денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - делінген Шымкент қалалық ТЖД хабарламасында.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/18/24422213_0:97:1201:997_1920x0_80_0_0_06aebf3d476bf0ec3a659b6fa0b18dd1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, өрт
Шымкентте өртенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Шымкентте өрткенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 25 шілде күні түнгі сағат 00:15-те шамасында болған. Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры толығымен жанып кеткен.
Сондай-ақ, көлемі 36 шаршы метр болатын екі бөлме мен үй заттары отқа оранған. Оқиға орнында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы бригадасы жұмылдырылды.
"Аумағы 12 шаршы метр қонақ бөлмесінің лай мен қамыстан жасалған төбе жаппасы құлады. Тілсіз жау сағат 00:44-де оқшауланып, 01:10 шамасында толығымен сөндірілді. Үйдің ішінен 1951 жылғы ер кісінің денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - делінген Шымкент қалалық ТЖД хабарламасында.