Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады, деп хабарлайды Ақжайық облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бастапқыда іс №2 қалалық соттың судьясы Дәуренбек Даумовқа жүктелген болатын, бірақ оның жақында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты істі басқа судья қарайды.
Қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған. Ол жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған жоқ, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамаққа алған. Бірақ 22 желтоқсанда екі айға қамауға алуға санкция берілді.
Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.