https://sputnik.kz/20220723/khamenovaga-qatysty-sot-otyrysynyn-qashan-bastalatynyn-belgili-boldy-26296255.html
Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан басталатыны белгілі болды
Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан басталатыны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған 23.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-23T11:31+0500
2022-07-23T11:31+0500
2022-07-23T14:20+0500
атырау облысы
хаменова
https://sputnik.kz/img/1141/38/11413845_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_fa09162e267479036c9202cb4eec9af7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады, деп хабарлайды Ақжайық облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бастапқыда іс №2 қалалық соттың судьясы Дәуренбек Даумовқа жүктелген болатын, бірақ оның жақында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты істі басқа судья қарайды. Қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған. Ол жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған жоқ, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамаққа алған. Бірақ 22 желтоқсанда екі айға қамауға алуға санкция берілді.Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1141/38/11413845_116:0:1076:720_1920x0_80_0_0_a63ebf6de5d0f224c817b6e361a12a8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, хаменова
Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан басталатыны белгілі болды
11:31 23.07.2022 (жаңартылды: 14:20 23.07.2022) Қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады, деп хабарлайды
Ақжайық облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бастапқыда іс №2 қалалық соттың судьясы Дәуренбек Даумовқа жүктелген болатын, бірақ оның жақында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты істі басқа судья қарайды.
Қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған. Ол жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған жоқ, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамаққа алған. Бірақ 22 желтоқсанда екі айға қамауға алуға санкция берілді.
Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.