"ПМПК, түзету кабинеттерінің саны жыл сайын артып келеді. Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты бақылауда ұстап отыр. Былтыр Қарағанды, Ақтау қалаларында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Алматы облысының ауылдарында және Қапшағай қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылды. Министрлік 2025 жылға дейін ПМПК желісін 50 000 балаға 1 ПМПК есебінен 125-ке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының саны да артып келеді. 2021 жылы 13 түзету кабинеті ашылды. Осылайша, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау айтарлықтай кеңейіп келеді, бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді", - депарнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми- практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова.