https://sputnik.kz/20220722/ministrlik-balalar-zhyly-qanday-sharalar-atqarylganyn-aytty-26291149.html
Министрлік балалар жылы қандай шаралар атқарылғанын айтты
Министрлік балалар жылы қандай шаралар атқарылғанын айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанда балалар жылында 6 психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация (ПМПК), 19 психологиялық- педагогикалық... 22.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-22T21:47+0500
2022-07-22T21:47+0500
2023-08-09T12:17+0500
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/86/69/866984_0:317:3077:2048_1920x0_80_0_0_7b8db365ace29936b10738605ee78050.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанда балалар жылында 6 психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация (ПМПК), 19 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) және 7 оңалту орталығы ашылады, деп хабарайды оқу-ағарту министрлігі. Олар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау көрсетуге қажеттілік бар өңірлерде құрылады. Министрліктің мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 88 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 211 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 14 оңалту орталығы және 213 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Сонымен қатар елімізде арнайы білім беру ұйымдарының саны да айтарлықтай өсті. Балалар жылында Тараз, Орал және Қарағанды қалаларында аутизмі бар балаларға арналған 3 қолдау орталығы ашылды. Ерекше балалармен тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Оңалту және психологиялық-педагогикалық түзету қызметтері мемлекеттік қызмет болып есептеледі және ол тегін көрсетіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/86/69/866984_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_74f5ac041b2f37be91b077552fce6577.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім және ғылым министрлігі
білім және ғылым министрлігі
Министрлік балалар жылы қандай шаралар атқарылғанын айтты
21:47 22.07.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанда балалар жылында 6 психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация (ПМПК), 19 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) және 7 оңалту орталығы ашылады, деп хабарайды оқу-ағарту министрлігі.
Олар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау көрсетуге қажеттілік бар өңірлерде құрылады.
Министрліктің мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 88 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 211 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 14 оңалту орталығы және 213 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.
"ПМПК, түзету кабинеттерінің саны жыл сайын артып келеді. Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты бақылауда ұстап отыр. Былтыр Қарағанды, Ақтау қалаларында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Алматы облысының ауылдарында және Қапшағай қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылды. Министрлік 2025 жылға дейін ПМПК желісін 50 000 балаға 1 ПМПК есебінен 125-ке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының саны да артып келеді. 2021 жылы 13 түзету кабинеті ашылды. Осылайша, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау айтарлықтай кеңейіп келеді, бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді", - депарнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми- практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова.
Сонымен қатар елімізде арнайы білім беру ұйымдарының саны да айтарлықтай өсті. Балалар жылында Тараз, Орал және Қарағанды қалаларында аутизмі бар балаларға арналған 3 қолдау орталығы ашылды.
Ерекше балалармен тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Оңалту және психологиялық-педагогикалық түзету қызметтері мемлекеттік қызмет болып есептеледі және ол тегін көрсетіледі.