Өңірлер

Алматы полициясы "Alma City"-де төбелескендерді іздеп жатыр

Алматының Наурызбай ауданында оннан астам адам төбелесті
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 шілде - Sputnik. Полицейлер Алматыда Наурызбай ауданындағы "Alma City" тұрғын үй кешенінің жанында болған жаппай төбелес қатысушыларын іздестіріп жатыр.
Бақылау камералары мен куәгерлердің түсірілімінің арқасында бұзақылар жасырынған көліктер анықталды. Онға жуық адам жол бойында төбелескен болатын.
"Қазіргі уақытта Наурызбай ауданының полиция басқармасы факті бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысушылар міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның барлық қатысушысы ұсталғаннан кейін тәртіп сақшылары жанжалдың себебін анықтап қана қоймай, кінәлілерді жазалайды.
Кірпішпен ұрған: Қызылордада болған төбелестің видеосы тарады