Кірпішпен ұрған: Қызылордада болған төбелестің видеосы тарады

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қызылорда қаласында болған төбелестің видеосы желіде тарап кетті. Оқиға орнына барған полицейлер жанжалды дер кезінде тоқтатты, деп хабарлады Polisia.kz порталы.
Бұл оқиға шұғыл басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 15 маусымда түнгі сағат 02:00-де белгісіз біреулер қала тұрғынына жабылып, кірпіш лақтырған.
Видеода біреудің қақпаның алдында жатқан екі кірпішті алып, лақтырып жатқаны анық көрініп тұр. Кірпіш тиген ер адам қашып кеткен. Бірақ бұзақылар артынан қалмай, жекеменшік үйдің қақпасына тіреп қойып, басынан тағы бірнеше рет кірпішпен ұрған.
Шұғыл басқару орталығының мамандары бірден полиция экипажына хабар берді. Тәртіп сақшылары оқиға орнында 43 және 37 жастағы екі ер адам ұстады. Екеуі де мас болған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берді.
Айта кетері, бұл қылмыс үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке (318 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0