Оқиға

Жезқазғанда жүк көлігі көпірден құлады – видео

Көлік жүргізушісі жарақат алды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Жезқазған қаласында КамАЗ көпірдің қоршауын бұзып, аударылып кетті. Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 20 шілде күні болған. Күндіз сағат 14.05 шамасында "КамАЗ" жүк көлігінің 64 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірден құлап кеткен.
Жол апаты кезінде көпірдің шеті опырылып қалды.
"Көлік жүргізушісі жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Оқиға
Ақтөбеде жолда келе жатқан КамАЗ өртенді