Оқиға

Ақтөбеде жолда келе жатқан КамАЗ өртенді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өту"Камаз" зауыты
Камаз зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
Жазылу
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ақтөбеде жолда келе жатқан КамАЗ өртенді. Жүргізуші өмірін қатерге тігіп, өрт сөндірушілер келгенше өртенген көлікті тоқтатпаған.
Оқиға сенбі, 2 шілдеде болды, деп жазады "Диапозон" басылымы.
"КамАЗ" шанағында қосалқы бөлшектер жанған. Жүргізуші көлік толығымен өртке оранбас үшін оны тоқтатпауға шешім қабылдаған. Кирпичное елді мекеніне дейін жетті. Бізге жүк көлігі Ақжар көпірі арқылы өтіп бара жатқанда хабарлама келіп түсті. Бұл сағат 16:19-да болды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел түрде 7 қызметкер мен өрт сөндіру көлігі жіберілген. Өрт сөндірушілерді көрген жүргізуші көлікті тоқтатқан. Сағат 16:38-де өрт сөндірілді. Жүргізуші аман, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2022
Өңірлер
Қостанайда көліктер отқа оранды - полиция қылмыстық іс қозғады
Жаңалықтар
0