НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Сәрсенбіде төрт рет Запорожье АЭС-іне шабуыл жасалды, деп хабарлады РИА Новостиге Энергодар әкімшілігінің баспасөз қызметінің өкілі.
Соңғы шабуыл Нұр-Сұлтан уақытымен 19.01-де тіркелді. Дүйсенбі күні шабуыл кезінде АЭС-тің 11 қызметкері зардап шеккен. "
Дүйсенбіде Запорожье АЭС-іне шабуыл жасаған кезде 11 қызметкер жарақат алды. Олардың төртеуі ауыр хәлде. Қазіргі жағдай бойынша әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", - делінген хабарламада.
Запорожье АЭС реакторлары орналасқан аймақ зардап шекпеген.