https://sputnik.kz/20220629/donetsk-khalyq-respublikasy-men-ukraina-tutqyndarmen-almasty-25855067.html
Донецк Халық Республикасы мен Украина тұтқындармен алмасты
Донецк Халық Республикасы мен Украина тұтқындармен алмасты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Донецк Халық Республикасы (ДХР) мен Украина әскери тұтқындармен алмасып, қос тараптан 144 жауынгер қайтарылды. Бұл туралы... 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T22:08+0500
2022-06-29T22:08+0500
2022-06-30T11:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25568342_0:0:3285:1848_1920x0_80_0_0_0c87d2bfa07b5410a38a3950d93381f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Донецк Халық Республикасы (ДХР) мен Украина әскери тұтқындармен алмасып, қос тараптан 144 жауынгер қайтарылды. Бұл туралы сәрсенбі күні ДХР басшысы Денис Пушилин мәлімдеді."Бүгін біз жау қолында тұтқынға түскен Донецк Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының 144 жауынгерін елге қайтарып жатырмыз. Біз Киевке Украина қарулы күштеріне қарасты дәл осы сандағы тұтқынды тапсырдық, олардың көбі жараланған. Олардың бірқатары – ұлтшыл батальон қатарындағы жауынгерлер және олардың жағдайы мүшкіл: кейбірі ауыр жараланған, аяқ-қолдарынан айырылған және басқа да асқынулар бар", - деп жазды Пушилин өзінің телеграм-арнасында.Донецк ақпарат агенттігінің (ДАА) хабарлауынша, бұл арнайы әскери операция басталғаннан бері Донецк Халық Республикасы мен Украина арасында тұтқын алмасу бірінші рет жүргізілді.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25568342_502:0:3233:2048_1920x0_80_0_0_3a7344e5f592c8960f73d36ceac2a311.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Донецк Халық Республикасы мен Украина тұтқындармен алмасты
22:08 29.06.2022 (жаңартылды: 11:38 30.06.2022) НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Донецк Халық Республикасы (ДХР) мен Украина әскери тұтқындармен алмасып, қос тараптан 144 жауынгер қайтарылды. Бұл туралы сәрсенбі күні ДХР басшысы Денис Пушилин мәлімдеді.
"Бүгін біз жау қолында тұтқынға түскен Донецк Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының 144 жауынгерін елге қайтарып жатырмыз. Біз Киевке Украина қарулы күштеріне қарасты дәл осы сандағы тұтқынды тапсырдық, олардың көбі жараланған. Олардың бірқатары – ұлтшыл батальон қатарындағы жауынгерлер және олардың жағдайы мүшкіл: кейбірі ауыр жараланған, аяқ-қолдарынан айырылған және басқа да асқынулар бар", - деп жазды Пушилин өзінің телеграм-арнасында.
Донецк ақпарат агенттігінің (ДАА) хабарлауынша, бұл арнайы әскери операция басталғаннан бері Донецк Халық Республикасы мен Украина арасында тұтқын алмасу бірінші рет жүргізілді.