Саясат

Тоқаев, Жапаров пен Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Шолпан-Атада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бейресми кездесуі өтті.
Президенттердің бейресми кездесуі
Мемлекет басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуі өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеде өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысу үшін сәрсенбіде Шолпан-Атаға (Қырғызстан) барды.
Президенттердің бейресми кездесуі
Мемлекет басшысын министрлер Кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, көлік министрі Еркінбек Осоев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұран Ниязалиев қарсы алды.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуал тұрғысынан өңірлік интеграцияның перспективаларын қарайды деп болжанып отыр.
Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою көзделген.