НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясының географиялық мақсаттары өзгерді. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров RT және "Россия сегодня" медиа тобының бас редакторы Маргарита Симоньянға берген сұхбатында мәлімдеді.
Лавровтың айтуынша, Ресейдің арнайы операциясының міндетін Ресей президенті Владимир Путин белгіледі: Украинаның аумағында Ресей Федерациясына қауіп төндіретіндей ешқандай қатер болмауы үшін осы елді денацификациялау және демилитаризациялау еді және бұл міндет өзгеріссіз қалды.
Сергей Лавров географиялық мақсаттар өзгергенін айтты. Ол 29 наурызда Ыстанбұлда өткен келіссөзге қатысушылардың кездесуі кезінде ресейлік тарап сол сәттегі географияны, яғни әңгіме Донецк және Луганск Халық Республикаларын басшылыққа алғанын еске салды.
"Қазір география басқа. Бұл Донецк және Луганск Халық Республикалары ғана емес, бұл Херсон облысы, Запорожье облысы және басқа да бірқатар аумақтар және бұл процесс жалғасып жатыр", - деді министр.
Ресей сыртқы істер министрі бұл шек емес екенін, себебі Украинада үлкен қашықтыққа арналған қару-жарақ, атап айтқанда HIMARS бар болғандықтан, операцияның географиялық мақсаттары қайта қаралып, қазіргі межеден әрі қарай жылжытылатынын айтты.
"Украинаның аумағында біздің территориямыз бен өз тәуелсіздігін жариялаған республикалардың территорияларына тікелей қауіп төндіретін қару болғанына жол бере алмаймыз", - деп түйіндеді Сергей Лавров.