https://sputnik.kz/20220720/reseydin-arnayy-operatsiyasynyn-geografiyalyq-mindetteri-ozgerdi--lavrov-26281705.html
Ресейдің арнайы операциясының географиялық міндеттері өзгерді – Лавров
Ресейдің арнайы операциясының географиялық міндеттері өзгерді – Лавров
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясының географиялық мақсаттары өзгерді. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей... 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T17:38+0500
2022-07-20T17:38+0500
2022-07-22T14:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/07/03/25913017_0:0:3191:1796_1920x0_80_0_0_2d650dbbe9f0d7e005930ac6c0654bf0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясының географиялық мақсаттары өзгерді. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров RT және "Россия сегодня" медиа тобының бас редакторы Маргарита Симоньянға берген сұхбатында мәлімдеді.Лавровтың айтуынша, Ресейдің арнайы операциясының міндетін Ресей президенті Владимир Путин белгіледі: Украинаның аумағында Ресей Федерациясына қауіп төндіретіндей ешқандай қатер болмауы үшін осы елді денацификациялау және демилитаризациялау еді және бұл міндет өзгеріссіз қалды.Сергей Лавров географиялық мақсаттар өзгергенін айтты. Ол 29 наурызда Ыстанбұлда өткен келіссөзге қатысушылардың кездесуі кезінде ресейлік тарап сол сәттегі географияны, яғни әңгіме Донецк және Луганск Халық Республикаларын басшылыққа алғанын еске салды."Қазір география басқа. Бұл Донецк және Луганск Халық Республикалары ғана емес, бұл Херсон облысы, Запорожье облысы және басқа да бірқатар аумақтар және бұл процесс жалғасып жатыр", - деді министр.Ресей сыртқы істер министрі бұл шек емес екенін, себебі Украинада үлкен қашықтыққа арналған қару-жарақ, атап айтқанда HIMARS бар болғандықтан, операцияның географиялық мақсаттары қайта қаралып, қазіргі межеден әрі қарай жылжытылатынын айтты."Украинаның аумағында біздің территориямыз бен өз тәуелсіздігін жариялаған республикалардың территорияларына тікелей қауіп төндіретін қару болғанына жол бере алмаймыз", - деп түйіндеді Сергей Лавров.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/03/25913017_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_9d6783b2c2d94f39f61dacfde576352e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясының географиялық мақсаттары өзгерді. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров RT және "Россия сегодня" медиа тобының бас редакторы Маргарита Симоньянға берген сұхбатында мәлімдеді.
Лавровтың айтуынша, Ресейдің арнайы операциясының міндетін Ресей президенті Владимир Путин белгіледі: Украинаның аумағында Ресей Федерациясына қауіп төндіретіндей ешқандай қатер болмауы үшін осы елді денацификациялау және демилитаризациялау еді және бұл міндет өзгеріссіз қалды.
Сергей Лавров географиялық мақсаттар өзгергенін айтты. Ол 29 наурызда Ыстанбұлда өткен келіссөзге қатысушылардың кездесуі кезінде ресейлік тарап сол сәттегі географияны, яғни әңгіме Донецк және Луганск Халық Республикаларын басшылыққа алғанын еске салды.
"Қазір география басқа. Бұл Донецк және Луганск Халық Республикалары ғана емес, бұл Херсон облысы, Запорожье облысы және басқа да бірқатар аумақтар және бұл процесс жалғасып жатыр", - деді министр.
Ресей сыртқы істер министрі бұл шек емес екенін, себебі Украинада үлкен қашықтыққа арналған қару-жарақ, атап айтқанда HIMARS бар болғандықтан, операцияның географиялық мақсаттары қайта қаралып, қазіргі межеден әрі қарай жылжытылатынын айтты.
"Украинаның аумағында біздің территориямыз бен өз тәуелсіздігін жариялаған республикалардың территорияларына тікелей қауіп төндіретін қару болғанына жол бере алмаймыз", - деп түйіндеді Сергей Лавров.