Экономика

Доллар бағамы 481 теңге болды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 481,20 теңге болды.
Шетелдік валюта бір тәулікте 0,85 теңгеге қымбаттады.
Валюта айырбастау пунктерінде бір долларды 479-481 теңгеге сатып алып, 483-486 теңгеден сатып жатыр.
Рубль бағамы биржада 8,73 теңгені құрады.
Бұған дейін сарапшылар доллар бағамына болжам жасаған еді. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқи аласыз.