НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты бойынша тергеу шараларын бастады. Оқиға орнында 11 жастағы бала қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушілері ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға орнында 11 жастағы бала қайтыс болды
© Sputnik / Стрингер
Жол апаты "Алматы - Жандосов - Бесмойнақ" тасжолында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry батысқа қарай жүрген. Ал бұрылыста белгісіз себеппен жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.
Сол кезде оған ВАЗ-2115 қатты жылдамдықпен келіп соғылды. Соққының қатты болғаны сонша, ВАЗ-дың алдыңғы жағы ішке қарай кіріп кеткен. Toyota да жөндеуге келмейді. ВАЗ салонында отырған 11 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екі жүргізуші түрлі жарақат алды.
Екі жүргізуші түрлі жарақат алды
© Sputnik / Стрингер
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, екі жүргізушінің жағдайы ауыр. Алматы облыстық полиция департаменті тергеу шараларын бастады. Жол апатының себебі және оған кінәлі болған жүргізуші анықталып жатыр.