https://sputnik.kz/20220720/almaty-oblysynda-toyota-vaz-26235372.html
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты – оқиға орнында бала көз жұмды
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты – оқиға орнында бала көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, екі жүргізушінің жағдайы ауыр 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T16:19+0500
2022-07-20T16:19+0500
2022-07-20T16:19+0500
оқиға
алматы облысы
toyota camry
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26232756_342:0:3314:1672_1920x0_80_0_0_61164fbb9ed3e2f4120504f6513f5b7a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты бойынша тергеу шараларын бастады. Оқиға орнында 11 жастағы бала қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушілері ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жол апаты "Алматы - Жандосов - Бесмойнақ" тасжолында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry батысқа қарай жүрген. Ал бұрылыста белгісіз себеппен жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.Сол кезде оған ВАЗ-2115 қатты жылдамдықпен келіп соғылды. Соққының қатты болғаны сонша, ВАЗ-дың алдыңғы жағы ішке қарай кіріп кеткен. Toyota да жөндеуге келмейді. ВАЗ салонында отырған 11 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екі жүргізуші түрлі жарақат алды. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, екі жүргізушінің жағдайы ауыр. Алматы облыстық полиция департаменті тергеу шараларын бастады. Жол апатының себебі және оған кінәлі болған жүргізуші анықталып жатыр.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26232756_713:0:2942:1672_1920x0_80_0_0_861c336798ba64894c83787aec455343.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, toyota camry
алматы облысы, toyota camry
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты – оқиға орнында бала көз жұмды
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, екі жүргізушінің жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты бойынша тергеу шараларын бастады. Оқиға орнында 11 жастағы бала қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушілері ауыр жарақат алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жол апаты "Алматы - Жандосов - Бесмойнақ" тасжолында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry батысқа қарай жүрген. Ал бұрылыста белгісіз себеппен жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.
Сол кезде оған ВАЗ-2115 қатты жылдамдықпен келіп соғылды. Соққының қатты болғаны сонша, ВАЗ-дың алдыңғы жағы ішке қарай кіріп кеткен. Toyota да жөндеуге келмейді. ВАЗ салонында отырған 11 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екі жүргізуші түрлі жарақат алды.
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, екі жүргізушінің жағдайы ауыр. Алматы облыстық полиция департаменті тергеу шараларын бастады. Жол апатының себебі және оған кінәлі болған жүргізуші анықталып жатыр.