Денсаулық

Таңертең қалай сергек оянуға болады - сарапшы

Сіздің ұйқыдан ерте немесе кеш тұрудың қайсысына басымды түрде бейім екеніңіз дүниеге келген кезде анықталады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде - Sputnik. Дәрігерлер адамдар өз хронотипін өзгерте алмайды деп санайды. Бірақ ерте оянуды жеңілдетуге болады.
Дәрігер Татьяна Григорьева ресейліктерге таңертең қалай жеңіл оянуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Оның айтуынша, ең алдымен ерте тұру үшін дұрыс мотивация табу керек. Салауатты ұйқы - күнді сергек өткізудің негізі екенін есте ұстаған жөн.
Сарапшы сондай-ақ ерте ояну үшін тезірек ұйықтау керектігін атап өтті. Ол ұйықтар алдында 15 минут бойы бөлмені желдетуге, кешкі ас кезінде жеңіл тағаидарға басымдық беруге, күні бойы физикалық белсенділікті ұстануға кеңес береді.
Оянғаннан кейін бір стақан су ішіп, перделерді ашу қажет. Ұйқыдан оятуға арналған қоңырау ойнағаннан кейін төсекте жата беру сергектікке кері әсер етеді.