Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей әскери техникасын суретке түсірген беларусь журналисі сотталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Беларусьтің Барановичи қаласының журналисі Юрий Гонцаревич Telegram арналарына ресейлік әскери техниканың фотосуреттерін бергені үшін экстремизмді насихаттады деп айыпталып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады мемлекеттік тіркеуден шығарылған Беларусь журналистер қауымдастығы.
Журналист сәуір айының соңында әкімшілік іс бойынша 10 тәулікке қамауға алынған, бірақ жазасын өтегеннен кейін босатылған жоқ: 6 мамырда оған қылмыстық іс бойынша айып тағылды.
Бұған дейін қауымдастық оған экстремистік деп танылған интернет-ресурстарға ресейлік әскери техниканың фотосуреттерін жібергені үшін айып тағылғанын хабарлаған. Ал елдің Бас прокуратурасы 2022 жылдың 2 наурызында бұл азамат экстремистік қызметке жәрдемдесу мақсатында бұрын ақпараттық өнімдері экстремистік материал деп танылған "Радыё свабода – Беларусь" каналының "Радыё Свабода|Бот" Telegram-ботына мәлімет жібергенін атап өтті.
"Ресейдің әскери техникасын фотоға түсіріп, жіберген журналист Юрий Гонцаревич 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Брест облыстық соты оны Беларусь Қылмыстық кодексінің "Экстремистік қызметке жәрдемдесу" бабы бойынша қылмыс жасады деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жазаға кесті", - делінген қауымдастық хабарламасында.
Онда журналистің өз кінәсін мойындағаны, бірақ оның адвокаты сот үкіміне шағымдануды жоспарлап отырғаны айтылған.