https://sputnik.kz/20220715/resey-tekhnika-suret-belarus-zhurnalist-26141301.html
Ресей әскери техникасын суретке түсірген беларусь журналисі сотталды
Ресей әскери техникасын суретке түсірген беларусь журналисі сотталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Беларусьтің Барановичи қаласының журналисі Юрий Гонцаревич Telegram арналарына ресейлік әскери техниканың фотосуреттерін... 15.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-15T07:57+0500
2022-07-15T07:57+0500
2022-07-15T07:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
журналист
https://sputnik.kz/img/176/59/1765948_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_acae5ae33d657a5d3095c504c4997575.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Беларусьтің Барановичи қаласының журналисі Юрий Гонцаревич Telegram арналарына ресейлік әскери техниканың фотосуреттерін бергені үшін экстремизмді насихаттады деп айыпталып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады мемлекеттік тіркеуден шығарылған Беларусь журналистер қауымдастығы.Журналист сәуір айының соңында әкімшілік іс бойынша 10 тәулікке қамауға алынған, бірақ жазасын өтегеннен кейін босатылған жоқ: 6 мамырда оған қылмыстық іс бойынша айып тағылды.Бұған дейін қауымдастық оған экстремистік деп танылған интернет-ресурстарға ресейлік әскери техниканың фотосуреттерін жібергені үшін айып тағылғанын хабарлаған. Ал елдің Бас прокуратурасы 2022 жылдың 2 наурызында бұл азамат экстремистік қызметке жәрдемдесу мақсатында бұрын ақпараттық өнімдері экстремистік материал деп танылған "Радыё свабода – Беларусь" каналының "Радыё Свабода|Бот" Telegram-ботына мәлімет жібергенін атап өтті."Ресейдің әскери техникасын фотоға түсіріп, жіберген журналист Юрий Гонцаревич 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Брест облыстық соты оны Беларусь Қылмыстық кодексінің "Экстремистік қызметке жәрдемдесу" бабы бойынша қылмыс жасады деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жазаға кесті", - делінген қауымдастық хабарламасында.Онда журналистің өз кінәсін мойындағаны, бірақ оның адвокаты сот үкіміне шағымдануды жоспарлап отырғаны айтылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/176/59/1765948_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_cd065e3e25faf8ef107908fccd2e611e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Беларусьтің Барановичи қаласының журналисі Юрий Гонцаревич Telegram арналарына ресейлік әскери техниканың фотосуреттерін бергені үшін экстремизмді насихаттады деп айыпталып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады мемлекеттік тіркеуден шығарылған Беларусь журналистер қауымдастығы.
Журналист сәуір айының соңында әкімшілік іс бойынша 10 тәулікке қамауға алынған, бірақ жазасын өтегеннен кейін босатылған жоқ: 6 мамырда оған қылмыстық іс бойынша айып тағылды.
Бұған дейін қауымдастық оған экстремистік деп танылған интернет-ресурстарға ресейлік әскери техниканың фотосуреттерін жібергені үшін айып тағылғанын хабарлаған. Ал елдің Бас прокуратурасы 2022 жылдың 2 наурызында бұл азамат экстремистік қызметке жәрдемдесу мақсатында бұрын ақпараттық өнімдері экстремистік материал деп танылған "Радыё свабода – Беларусь" каналының "Радыё Свабода|Бот" Telegram-ботына мәлімет жібергенін атап өтті.
"Ресейдің әскери техникасын фотоға түсіріп, жіберген журналист Юрий Гонцаревич 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Брест облыстық соты оны Беларусь Қылмыстық кодексінің "Экстремистік қызметке жәрдемдесу" бабы бойынша қылмыс жасады деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жазаға кесті", - делінген қауымдастық хабарламасында.
Онда журналистің өз кінәсін мойындағаны, бірақ оның адвокаты сот үкіміне шағымдануды жоспарлап отырғаны айтылған.